{metadescription}
Шаруаларға жанармайды тікелей жеткізетін жүйе жыл соңына дейін іске қосылады

Шаруаларға жанармайды тікелей жеткізетін жүйе жыл соңына дейін іске қосылады

ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов шаруаларға бағасы жеңілдетілген жанармайды тікелей тарататын электронды-ақпараттық жүйені жыл аяғына дейін іске қосу жоспарланып отырғанын айтты.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде БАҚ өкілдері вице-министрден көптен бері айтылып жүрген электронды-ақпараттық жүйенің қашан іске қосылатынын сұрады. 

«Бұл бастама былтыр жыл ортасынан бері талқыланып келеді. Қазір Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге аталған деректер базасын қалыптастыру туралы шешімді мақұлдадық. Бұл жүйе дизель өндірушілер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында тікеллей сауда келісімін жасауға мүмкіндік береді. Ол жүйені қалыптастыру жұмыстарын биыл желтоқсанға дейін аяқтаймыз деп келіскенбіз», - деді Әсет Мағауов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

02 қаңтар

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде