{metadescription}
Қазақстан мен Түркия арасында Әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Қазақстан мен Түркия арасында Әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Қазақстан мен Түркия арасында Әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Құжат Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары аясында рәсімделді.

Министрліктен мәлім еткендей, Қазақстанның Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Түркияның Қорғаныс министрі Хулуси Акармен кездесіп, оның барысында екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты реттейтін бірқатар құжатқа қол қойылған.

«Сонымен қатар генерал-полковник Руслан Жақсылықов Түркия Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің орталығында болды. Бұдан өзге Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Түркия Республикасының Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлумен кездесті», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде