Президент Түркияның ірі компания басшыларымен кездесті
Түркияда мемлекеттік сапармен жүрген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аталмыш елдің бірқатар кәсіпкерімен жеке кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.
Фото: akorda.kz
14:49 11.05.2022
Олардың арасында «Yildirim Holding» президенті Роберт Юксель Йылдырым, «TAV Havalimanları Holding» басқарма мүшесі Сани Шенер, «Goknur Gida» басқарма төрағасы Осман Асланали, «Sembol» компаниясының басқарма мүшесі Феттах Таминдже және «Koç Holding» компаниясының басқарма мүшесі Али Коч бар.
Кездесулерде түрік бизнесмендерінің Қазақстандағы жобалары мен алдағы уақытта іске асырылатын бастамалары туралы сөз болды. Аталған іскер топтардың елімізге салынған инвестициялары химия, ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларын қамтиды.
Мемлекет басшысы олардың елімізге салған инвестицияларына қолдау көрсетілетінін айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!