{metadescription}
Референдумға қатысатын қазақстандықтардың тізімі жасақталып жатыр

Референдумға қатысатын қазақстандықтардың тізімі жасақталып жатыр

5 маусымда өтетін референдумға қатыса алатын азаматтардың тізімі жасақталып жатыр.

Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлім етті.

«Референдум – бұл Конституцияға өзгерістер енгізу қажеттігі бойнша бүкiлхалықтық дауыс беру рәсімі. Аталған рәсім мемлекеттің неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердi қабылдауға қатысты өткізілуі мүмкін. Конституцияның 91-бабына сәйкес оған түзетулер енгізудің 2 жолы бар. Бірі республикалық референдум немесе Парламент арқылы. Президент бірінші жолды таңдады. Өйткені, дәл осы жол демократиялық институттардың дамуын көрсетеді. Референдумға кәмелет жасына толған барлық азамат қатыса алады. Бүгінде орталық сайлау комиссиясы референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімін жасақтап жатыр», - деді Алма Мұқанова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде