Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды.
14:53 12.05.2022
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Осыған дейін оны қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 мамырына дейін ұзартылған еді.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу тобы К. Мәсімовке, Ә. Садықұловқа, Д. Ерғожинге және басқа да күдіктілерге қатысты тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы төрағасы К. Мәсімов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Ә. Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 маусымына дейін, сондай-ақ тағы бір орынбасары болған Д. Ерғожинді қамауда ұстау 13 маусымға дейін ұзартылды», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!