Павлодарда әйел адам 9-қабаттан құлап кетті
Павлодарда тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен әйел ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Фото: pavon.kz
15:41 12.05.2022
Облыстық ТЖД оқиғаның 11 мамыр күні сағат 14.30 шамасында болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«112» пультіне 1993 жылы туған әйелдің Академик Бектұров, 109 мекенжайындағы 9-қабаттың терезесінен іргелес орналасқан «Экстрамед» медициналық орталығының шатырына құлап кеткені туралы хабарлама түсті», - делінген ТЖД хабарламасында.
Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Облыстық жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, шұғыл жеткен дәрігерлер омыртқасы сынған әйелді ауыр халде No1 қалалық ауруханаға жеткізген.
Белгілі болғандай, зардап шеккен адам мас болған. Дәрігерлер оған миы шайқалған, қабырғасы мен білегі бірнеше жерінен сынған деген диагноз қойды. Әйел жансақтау бөлімінде жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!