{metadescription}
Қызғалдақты көлікпен таптаған Сарыағаш тұрғыны ұсталды

Қызғалдақты көлікпен таптаған Сарыағаш тұрғыны ұсталды

Түркістан облысында көлігімен қызғалдақты таптаған көлік жүргізушісіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік желіде «Toyota» маркалы көліктің қызғалдақты таптап жүрген суреті таралып жатыр. Ақ көлікпен қызыл қызғалдақты еркін басып тұрған жүргізушінің әрекетіне қатысты тұрғындар әртүрлі пікір білдіріп жатыр.

Ал, Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жабайы дала қызғалдағы «Қызыл кітапқа» енбегендіктен ешқандай шара қолданылмағандығын жеткізді. Сондықтан тәртіп сақшылары жүргізушіге тек түсіндіру жұмыстарын жүргізумен шектелген.

Жалпы оқиға Сарыағаш ауданының аумағында орын алған. Тәртіп сақшылары көліктің номері бойынша жүргізушіні іздеп тауыпты. Ал, көлік иесі бұл әрекетін қызық үшін жасағандығын айтқан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде