{metadescription}
Әлихан Смайылов ветеринарлық қызметтің жұмысын регламенттеуді тапсырды

Әлихан Смайылов ветеринарлық қызметтің жұмысын регламенттеуді тапсырды

Ветеринарлық қызметтердің жұмысын регламенттеу және ара-жігін ажырату бойынша заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу қажет.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты.

«Мал шаруашылығын дамыту нақты ветеринарлық бақылау вертикалін ұйымдастыруды қажет етеді. Ауыл шаруашылығы министрлігіне ветеринарлық қызметтердің жұмысын регламенттеу және ара-жігін ажырату, оларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету бойынша заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырамын», - деді Әлихан Смайылов. 

Үкімет басшысы тауарлық мал шаруашылығының өнімділігі негізінен селекциялық-асыл тұқымдық жұмысқа, яғни, мал басын асылдандыруға байланысты екендігін баса айтты. 

«Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялау жүйесін жетілдіру аясында осы бағытты дамытуға қатысты қолдау шараларын пысықтауы қажет», - деді ол. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде