{metadescription}
Жұмбақ жағдайда жоғалған павлодарлық өлі табылды

Жұмбақ жағдайда жоғалған павлодарлық өлі табылды

Жұмбақ жағдайда жоғалып, екі аптадан бері іздестіріліп жатқан Павлодар облысы Қарасу ауылының 27 жастағы тұрғыны өлі табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Павлодарлық еріктілер Instagram-да жігіттің өлімі туралы хабарлады. 

"27 сәуірге қараған түні жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен Дархан Байтоқ өлі табылды. Осымен бітті. Өкінішке қарай, біз қорыққан дүние болды", - деп жазды "VITA" жасағының іздеушілері Instagram-дағы парақшасында.

Жігіттің өлімі туралы ақпаратты Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған азаматтың мекенжайын анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қамыс арасынан Дархан Байтоқтың денесін тапты. Бүгінде ол сот-медициналық сараптамаға жіберілді, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде