{metadescription}
Қант күрт қымбаттамайды - министрлік

Қант күрт қымбаттамайды - министрлік

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда қант бағасы тұрақты екенін айтты.

"Жалпы, әлем бойынша қант бағасы қымбаттады. Бірақ бізде тұрақты. Қант бір өңірлерде 400-ден, кейбір жерлерде 500 теңгеден сатылып жатыр. Бұл қанттың жеткізілуіне, биржалық бағаларға байланысты. Бізде 4 зауыт бар, оларды шикізатпен толық қамтамасыз еттік. Мамырда шамамен 32-35 мың тонна, маусымда шамамен 40-45 мың тонна өндіріс болады деп күтеміз. Өндірілген көлемдер ішкі тұтынуды қамтамасыз ету үшін жеткілікті", - деді министр Үкімет отырысында.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы қант бағасы күрт қымбаттамайтынын айтты.

"Сондай-ақ, қант бағасы бөлшек сауда желілеріндегі бағаға байланысты. Жалпы, қант бағасы тұрақты. Бізде Қазақстанда өндірілетін қанттың шамамен 70 пайызы құрақ қантынан өндіріледі. Қант саласын дамыту бағдарламасын әзірлеудеміз. Жыл соңына дейін баға күрт қымбаттамайды", - деді Қарашөкеев.

Оның айтуынша, әлемде құрақ қантының бағасы төмендесе, баға да төмендеуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.