Заңсыз көкпар ұйымдастырып, көлік қиратқандар ұсталды
Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында заңсыз көкпар ұйымдастырғандар ұсталды.
19:24 17.05.2022
Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көкпарды 66 жастағы Қаскелең тұрғыны жиенінің туған күніне орай ұйымдастырған.
Ұлттық ойын қаланың шеткі аумағында болған. Бірақ артынша қала көшелерінде жалғасқан.
«Ұсталған адамдар әкімшілік жауапкершілікке, яғни, ұсақ бұзақылық және көліктерге кедергі келтіру бойынша жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, полиция көкпардың өзге де қатысушыларын іздестіріп жатыр. Оның ішінде 34 жастағы тұрғынның көлігін бүлдірген адам да бар», - делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!