{metadescription}
Алматыда салмағы 6 келіден асатын қыз дүниеге келді

Алматыда салмағы 6 келіден асатын қыз дүниеге келді

Дәрігерлер мұндай алып қыз туылады деп күтпеген.

Сәбидің анасы Инабат Қостанбай 23 жаста, өз күшімен босанған. Дәрігерлер нәресте артық салмақпен туылатынын білгенімен, 6 келіден асады деп ойламапты.

«УДЗ арқылы ұрықтың төрт келіден жоғары екенін көрдік, бірақ УДЗ-мен нақты салмақты анықтау мүмкін емес. Сырқатнамаға біз болжаммен 4290 келі деп жаздық. Кесарь тілігінсіз босандыруды шештік. Табиғи жолмен босануға жіберілмейтін белгілер бар. Біздің жағдайда мұндай белгілер болған жоқ. Әрине, әйелдің бұрын да босанғанын және оның бірінші баласының салмағы да аз емес, 4 келі 50 грамм болғанын ескердік», - деді Алматы қаласындағы №2 перзентхананың неонатология бөлімінің меңгерушісі Диляра Сыртанова.

Босанғаннан кейін қыз он күн бойы қарқынды терапия бөлімінде дәрігерлер мен медбикелердің тәулік бойы бақылауында болды. Одан соң тоғыз күн бойы анасымен бірге жаңа туылғандар бөлімшесінде жатты.

«Мұндай жағдайлар біздің перзентханада ғана емес, қалада өте сирек кездеседі. Қазіргі уақытта анасы мен жаңа туған нәрестенің жағдайы жақсы, олар үйлеріне шығарылды», - деді Диляра Сыртанова.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде