{metadescription}
23 мамырда орталықтан шалғай орналасқан аймақтарға медициналық пойыздар жолға шығады

23 мамырда орталықтан шалғай орналасқан аймақтарға медициналық пойыздар жолға шығады

23 мамырда еліміздің өңірлеріндегі шалғай жатқан станциялар мен разъез тұрғындарына медициналық қызмет көрсету үшін арнайы пойыздар жолға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, дәрігерлер шалғайдағы станциялар мен оған жақын маңдағы кенттердің тұрғындарына алғашқы медициналық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді. 

Медбригадалар құрамында терапевт, педиатр, ЛОР, кардиолог, офтальмолог, стоматолог және т.б. мамандар бар. 

Пойыздар 13000 км-ден астам қашықтықты жүріп өтіп, шалғай орналасқан Толтыр, Афанасьево, Бегімбет, Никельтау сияқты станциялар мен разъездерге барады. 

Биыл 200-ге жуық станция мен разъезді қамту жоспарланып отыр. 

«Медициналық пойыздар» жобасын жүзеге асырудағы мақсат азаматтардың денсаулығына деген қамқорлық, еліміздің орталықтан шалғай орналасқан аймақтарындағы тұрғындарын да тегін медициналық қызметтермен қамтамасыз ету.

«Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары арнайы жабдықталған 8 мамандандырылған вагоннан тұрады. Дәрігерлер күніне ондаған науқасты тексереді. Медициналық пойыздар жұмыс істеп тұрған станцияға білікті мамандардың тексеруінен өту үшін өзге елді мекендерден де тұрғындар келеді»,-делінген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

«Дәрігерлердің айтуынша, «Медициналық пойыздар» жобасы халық үшін мағызды. Өйткені ол тұрғындарға сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде