{metadescription}
Шілдеден бастап қаржы пирамидалары жайлы SMS арқылы ескертіледі

Шілдеден бастап қаржы пирамидалары жайлы SMS арқылы ескертіледі

1 шілдеден бастап қазақстандықтарға қаржы пирамидалары туралы ескертетін sms-тер жолданады.

«Жақын арада (ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап) қаржылық пирамидалардың тəуекелдері туралы смс-хабарламалар тетігі іске қосылады. Сондай-ақ, құқық қорғау жəне мемлекеттік органдар халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге бағдарланды. Алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жалғасады жəне ерекше бақылауда тұр», - деп жазылған Бас прокурордың депутаттарға жолдаған жауабында. 

Бас прокуратураның дерегі бойынша, 2020 жылы қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 6 млрд теңгеден астам ақша салып жіберген. Бұл – кейінгі жылдардағы рекордтық көрсеткіш болып есептеледі.

«Соңғы 5 жылда қаржы пирамидалары туралы істерді тіркеу серпіні тұрақсыз (2017 ж - 74, 2018 ж - 103, 2019 ж - 24, 2020 ж - 180, 2021 ж - 160). 2020 жылы өсім байқалған. Бұл кезеңде тіркелген қылмыстардың саны 7 есе (24-тен 180-ге дейін) өскен. Келтірілген залалдың сомасы 6 млрд теңгеден асты (2019 ж - 1,6 млрд теңге). 

Қаржы пирамидаларының сайттарына 680 сілтеме бұғатталды. Банктер операциялардың күшейтілген мониторингіне жəне күдікті клиенттермен іскерлік қарым-қатынастарды бұзуға бағдарланды. Осындай 149 адаммен іскерлік қарым-қатынас тоқтатылды жəне оны орнатудан бас тартылды. Мысалы, «Kaspi Bank» АҚ 40 салымшыны тартып үлгірген «Қара қазан» қаржылық пирамидасының ұйымдастырушыларына қызмет көрсетуді тоқтатты», - деп жазылған Бас прокурордың жауабында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде