{metadescription}
Алаяқтар қазақстандықтарды алдаудың жаңа әдісін ойлап тапты

Алаяқтар қазақстандықтарды алдаудың жаңа әдісін ойлап тапты

Қазақстандық мыс өндіруші KAZ Minerals компаниясы алаяқтық фактілерінің көбейгені туралы мәлімдеді.

Бұл жолы алаяқтар қазақстандықтардың дербес деректері мен жеке жинағын қолға түсіруге тырысып, компанияның атын пайдалана бастаған. Әсіресе, әлеуметтік желіде белсенділік артып тұр. Мұнда жалған жарнамаға сілтемелер мен жазбалар жарияланып жатыр, деп хабарлады KAZ Minerals баспасөз қызметі.

"Соңғы уақытта алаяқтар қаржы институттарымен шектелмей, экономиканың басқа секторындағы табысты қазақстандық брендтерді, соның ішінде KAZ Minerals компаниясының атауын халықты алдап соғу мақсатында қолданып жатыр", - деді KAZ Minerals тобының корпоративтік байланыс департаментінің басшысы Мақсұт Жапабаев.

Ол компания жақында ғана биржадан кеткенін, жеке меншікке өткенін мәлімдеді. Сондықтан қазір оның акциялары еркін айналымда жоқ.

"Біз компанияның азаматтарға арналған инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асырмайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Осы орайда қазақстандықтарды сақ болуға, ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жеке деректерін ешкімге хабарламауға, компанияның ресми ресурстарында күмәнді ақпаратты қайта-қайта тексеруге шақырамыз., - деді Мақсұт Жапабаев.

Компания тиісті ведомстволарға, соның ішінде Қазақстанның ішкі істер министрлігі және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне үндеу хаттар дайындап жатыр.

KAZ Minerals Limited – Қазақстандағы кең ауқымды, шығыны аз ашық әдіспен өндіруді дамытуға бағытталған мыс өндіруші компания. Компания Шығыс Қазақстандағы Ақтоғай және Павлодар облысындағы Бозшакөл ашық кеніштерінде, Шығыс Қазақстандағы үш жерасты кеніштерінде және кен байыту фабрикаларында, Қырғызстандағы Бозымшақ мыс және алтын кеніштерінде жұмыс жүргізеді.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде