{metadescription}
Денсаулық сақтау министрі зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрі зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният әйелдердің зейнет жасын төмендеуге қатысты өз ойын айтты.

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер министрден қандай зерттеулер зейнет жасын төмендетуге негіз бола алатынын сұрады. Атап айтқанда, әйелдердің зейнет жасын төмендету талабы қаншалықты орынды екенін түсіндіріп беруді өтінді.

Министрдің айтуынша, бүгінде аса ауыр және зиянды өндірісте жұмыс істейтін мамандар зейнетке ерте шыға алады. Кәсіби аурулардың тізімі бар. Бірақ алдымен медициналық комиссиядан өту керек. Мамандар аурудың себебін, яғни кәсіптен болғанын немесе басқа себептерге байланысты туындағанын анықтайды. Ал әйелдерге 63 жасқа дейін жұмыс істеген қаншалықты ауыр екені белгісіз. Ондай талдау және статистика жүргізілмейді.

"Бірақ әйелдерге қатысты айтарым, Қазақстанда олардың өмір сүру ұзақтығы еркектермен салыстырғанда 9 жылға артық. Зейнет жасын төмендету мәселесін жан-жақты зерделеу керек", - деді Ғиният.

Оның айтуынша, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы топ құрып, дәрігер мамандарды шақырса, олар міндетті түрде осы жұмысқа атсалысады.

"Біз талқыға салынатын мәселені ескере отырып, ондай жұмыс тобына міндетті түрде қатысамыз", - деп атап өтті министр.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде