{metadescription}
Доллар арзандады

Доллар арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 10 тиынға арзандады. 1 доллар 432, 69 теңге болды.

Ұлттық банктің 18 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 432, 79 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 434, 53 теңге, сатып алу – 438, 72 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 434,02 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 436,66 теңге.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде