{metadescription}
БҚО-дағы ауруханалардың бірінде сәбидің үстіне теледидар құлады

БҚО-дағы ауруханалардың бірінде сәбидің үстіне теледидар құлады

БҚО-ның «Бәйтерек» аудандық ауруханасында ойнап жүрген 2020 жылы туған қыз баланың үстіне теледидар құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бала ойнап жүріп теледидар астындағы тұғырға көтерілген. Әкесі жанында алаңсыз отырған. Теледидардың астында қалған сәбиді әкесі қолына алып қабылдау бөлмесіне жүгіреді. Олар ауруханаға анықтама алу үшін барған.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, баланы педиатр шұғыл қараған.

«Ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектер қолданылып, бас сүйегі мен кеуде қуысы рентгенге түсіріліп, санитарлық авиация шақырылған. Баланың жағдайы нашарлай бастаған соң, балалар реаниматологының кеңесімен шұғыл түрде облыстық ауруханаға жіберу ұсынылады. Педиатрдың қадағалауымен реанимобильмен облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізіліп, бала жансақтау бөліміне жатқызылған», - деп мәлімдеді ведомстводан.

Қазіргі бар деректерге қарағанда, жеткіншектің жабық бас сүйек-ми жарақаты, субарахноидты қан кету, маңдай-париетальды сүйектің сынуы анықталған. Қазір баланың жағдайы тұрақты ауыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.