Оралда бағанға соғылған Toyota жүргізушісінің халі өте ауыр
Жарнама қалқанының бағанына соғылып, 20 жастағы жолаушысы қайтыс болған «Toyota» автокөлігінің жүргізушісі де өте ауыр халде.
15:42 22.05.2022
Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
«1993 жылғы жүргізуші жабық бас-ми жарақатын алған. Миы шайқалған. Бұғанасы мен жамбасы сынған. Жағдайы өте ауыр. Ол облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жол апатынан қатты жарақаттанған 20 жастағы қыз өте ауыр жағдайда ауруханаға түскен еді. Бірден облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Бірақ, оның өмірін аман алып қалу мүмкін болмады. Бүгін таңда көз жұмды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!