{metadescription}
Қостанай облысының тұрғындары бір айға жуық уақыт газсыз отырады

Қостанай облысының тұрғындары бір айға жуық уақыт газсыз отырады

Тамыз айында «Қарталы-Рудный» газ құбырын жөндеу жұмыстарына байланысты Қостанай облысының аудандары газдан ажыратылады.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ 2022 жылғы 1-25 тамыз аралығында Қостанай облысының тұтынушыларын ақаусыз және үздіксіз газбен қамтамасыз ету мақсатында «Қарталы-Рудный» магистралды газ құбырында жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Сондықтан осы уақыт аралығында Жітіқара, Қарабалық және Қамысты аудандарын қоспағанда, тұтынушылардың барлық санаттары үшін газ беру тоқтатылады.

«Жұмыс «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның құбыр ішінде анықтаған коррозия-қауіпті ақаулардың көп болуына байланысты жүргізіледі», - деп хабарлады «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қостанай филиалы.

«Қарталы-Рудный» магистралды газ құбыры 1965 жылдан бері, яғни 57 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп келеді. Ол - Қазақстанда пайдалануға берілген алғашқы газ құбырларының бірі.

«Газ құбырының ұзақ уақыт пайдаланылуы біртіндеп апат қаупінің артуына алып келеді. Бұл жағдай жылыту маусымында Қостанай облысының елді мекендері, өндірістік және әлеуметтік нысандарын газбен жабдықтау жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін», - деп қосты «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ.

Осыған байланысты тұтынушыларға газдан ажырату кезеңінде баламалы көздерге көшу қажеттігі туралы ескертіледі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.