{metadescription}
Коронавирустық пандемия әлі аяқталған жоқ – ДДСҰ

Коронавирустық пандемия әлі аяқталған жоқ – ДДСҰ

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс Женевада 75-ші Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында сөз сөйледі. Өз сөзінде COVID-19 вирусының қауіптілігі туралы еске салып, коронавирустық инфекцияның пандемиясы көптеген елдерде ең жоғарғы көрсеткіштен кейін тіркелген жағдайлардың азаюына қарамастан әлі аяқталмағанын атап өтті. 

«Біз қырағылықты өз тәуекелімізбен төмендетеміз. Тестілеуден және секвенирлеудее бас тарту вирустың эволюциясын байқамайтынымызды білдіреді», – деді ДДҰ басшысы. 

Ол табысы төмен елдердің 1 миллиардқа жуық тұрғыны ковидке қарсы әлі күнгедкйін вакцинацияланбағанын атап өтті. 

«Тіркелген жағдайлар тестілеу көрсеткіштері төмендеген барлық аймақтардағы 70 – ке жуық елде артып келеді», – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта әлемде маймылдар шешегін жұқтыру жағдайларының саны артып келеді. Маймыл шешегі тіркелген елдердің саны 15-ке жетті. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ. 

Дереккөз: baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде