Сирия бойынша кезекті келіссөз 14-16 маусымда Нұр-Сұлтанда өтеді
Биылғы 14-16 маусым күндері елордада Сирия процессінің кезекті 18-раунды өтеді.
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
11:55 24.05.2022
«14-16 маусым күндері Нұр-Сұлтан қаласында Сирия процессінің кезекті 18-раунды өтеді. Қазіргі уақытта Сыртқы істер министрлігі барлық кепілгер елге және процеске қатысушыларға шақырту хаттарын жіберді. Енді олардың келісімін күтіп отырмыз», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров агенттік тілшісіне.
Өткен жылдың 22 желтоқсанында елордада Сирия жөніндегі жоғары деңгейлі 17-халықаралық кездесу нәтижелі аяқталған болатын. Сол кездесуде тараптар 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласында Сирия жөніндегі жоғары деңгейлі 18-халықаралық кездесуді өткізуге уағдалақан еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!