{metadescription}
Балқашта су деңгейі шекті мөлшерден 1 метр жоғары тұр

Балқашта су деңгейі шекті мөлшерден 1 метр жоғары тұр

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев БАҚ өкілдеріне Балқаш көліне тартылып қалу қаупі төніп тұрмағанын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Балқаш көлінің жағдайы туралы мынаны айтуға болады. География және су қауіпсіздігі институты зерттеу жүргізген болатын. Жалпы Іле-Балқаш өңірінде ахуал тұрақты. Ғалымдардың сендіруінше, Балқаштың тартылып қалу қаупін көріп отырған жоқпыз. Балқаш көліндегі су деңгейінің шетін белгісі Балтық биіктік жүйесі бойынша 341 метр деп белгіленген. Қазіргі таңда көлдегі су деңгейі 342 метр болып тұр», - деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында.

Министр былтыр бекітілген ұлттық жобада Балқаш көліне құяр судың көлемін ұлғайту шаралары көзделгенінн еске салды.

«Іле өзенінің Қапшағай су қоймасынан төмен тұсында қарымта реттегіш салу жоспарланған. Бұдан бөлек қытайлық әріптестерімізбен келіссөз жүріп жатыр. Балқаш көлінің ерекше экологиялық маңызы бар. Сондықтан су бөлісу кезінде бұл мәселелер пысықталады», - деді Серікқали Брекешев.

Өткен айда Балқаш көлін дамытудың бас жоспары әзірленгені хабарланған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде