{metadescription}
Қазақстанда машина жасау саласының келешегі зор

Қазақстанда машина жасау саласының келешегі зор

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр елдегі машина жасау саласының дамуы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің болашағымыз зор. Мұнда тек автокөлік құрастыруға ғана көңіл бөлмей, мұнай-газ машинасын, энергетикалық машина жасауды да ескерген жөн. Бізде құзырет бар, онымен айналысатын адамдар бар, тиісті білім алып, осы кәсіпорындарда жұмыс істей алатын жастар бар», - деді Роман Скляр Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Вице-премьер мультипликативті әсер болуы қажеттігін айтты.

«Бірақ ең бастысы – импорттаушы елге айналмауымыз керек, кей адамдар біз ештеңе өндіре алмаймыз және бәрін сатып аламыз деп айтады. Бірақ біз жаңа құзыреттерді үйреніп, өзімізде өндіріс ашуымыз керек», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Бұған дейін Роман Скляр утиль алымынан бас тарту туралы сұрақтарға жауап беріп, «мүмкін емес ештеңе жоқ» деген еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде