{metadescription}
Алматыда полиция генерал-майоры тұтқындалды

Алматыда полиция генерал-майоры тұтқындалды

Полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубек ұсталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

«23 мамырында Антикоррупциялық қызмет 1963 жылы туған полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубекті ұстады. 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының Ішкі істер департаменттерін басқарған. Ол соңғы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін «К» азаматынан алдау арқылы ақша мен мүлкін алды деп күдіктелуде», - делінген агенттік хабарламасында.

Халықұлы ұсталып, Алматы қаласы уақытша ұстау орталығына қамауға алынды.

Тергеу мүддесінде өзге деректері жария етілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.