Ақмола облысында әйел 5-қабаттан құлап көз жұмды
Ақмола облысының Атбасар қаласында 37 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, мерт болды.
19:39 24.05.2022
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 23 мамырда болған.
«Ақмола облысының Атбасар қаласында 37 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, көз жұмды. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!