60 жасында 30-дағы бикешке ұқсайтын әйел жас болып көрінуінің құпиясын ашты
Ұлыбритания тұрғыны өз жасынан екі есе жас көрінуінің сырын ашты.
21:00 24.05.2022
60 жастағы Эудора Окоро сырт көзге 30 жастағы әйелге ұқсайды. Оның хикаясын Daily Mirror басылымы жариялады.
60 жастағы Эудора Окоро диджей әрі би жаттықтырушысы болып жұмыс істейді. Ол жас кезінде өзінің арықтығынан ұялып, салмақ қосуға тырысқанын айтады. Қызының абыржығанын байқаған әкесі:
"Еш алаңдама, сенің анаң да жасы 30-ға келгенше арық болған, кейін толып кетті", - деп тыныштандыруға тырысқан.
Болашақтың мұндай көрінісінен қорыққан Окоро тамақтану режимін қатаң қадағалайды. Өзінің сөзінше, ол жыл өткен сайын жасара түскен. Жасы 30-ға келгенде, даяшылар мен кассирлер оны кәмелетке толмаған қыз деп ойлап, ішімдік сатудан бас тартқан.
Ересек жасқа келген соң, ол қартаюға қарсы кремнің тестілеуіне қатысқысы келеді. Алайда өндіруші компания қызметкерлері сырт көзге тым жас көрінгендіктен, әйелді қабылдамаған.
Окороның пікірінше, оның жас болып көрінуінің құпиясы - өсімдік диетасында. Сондай-ақ, тұрақты түрде спортпен шұғылдану және күн сайын кемі екі литр су ішу өз септігін тигізген.
"Егер сіздің еш жеріңіз ауырмаса, қалай қартаятыныңыз тек өзіңізге байланысты деп ойлаймын", - деп бөлісті әйел.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!