Көкшетауда мектептен қолдан жасалған жарылғыш құрылғы табылды
№2 орта мектептің меңгерушісі полицияға хабарласып, қоймадан қолдан жасалған жарылғыш құрылғыға ұқсас зат табылғаны туралы айтқан.
Фото: Zakon.kz
21:58 24.05.2022
Полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, барлығын оқу орнынан эвакуациялады. Оқиға орнынан олар сымдары бар қаңылтыр ыдысты тапты.
«Жарумен шұғылданатын техник-мамандар табылған құрылғыны зерттеді. Азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында, қолданыстағы іс-қимыл алгоритміне сәйкес, оны сол жерде жою туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жару ісі жүргізілді», - деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.
Оқиға орнында облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы мен жарумен шұғылданатын техник-мамандар жұмыс істеді.
«Азаматтардан үрейленбеуді және тек ресми ақпарат көздерінен алынған деректерге сенуді сұраймыз», - деді полицейлер қала тұрғындарына.
Дереккөз: Zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!