Мектептерде аптасына екі мәрте әнұран орындалатын болды
Қырғызстан мектептерінде оқу аптасының басында және соңында мемлекеттік әнұран орындалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
08:33 25.05.2022
Бұл туралы Баткенде өткен көшпелі жиында Қырғызстанның Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев мәлімдеді.
Бұл бастама оқушылардың ұлттық болмысы мен патриотизмін нығайтуға бағытталған.
Жиынға қатысушылар министрдің бастамасын толық қолдады.
Айта кетейік, бұл - министрліктер арасында Білім және ғылым министрлігінің Баткенде өткізіп отырған бірінші көшпелі отырыс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!