Астанада тағы 10 автобустың маршруты өзгерді
Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше қоғамдық көліктің жүретін бағыты өзгерді.
09:02 25.05.2022
Бұл жайында City Transportation Systems көлік компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.
Ақпаратқа сенсек, бүгіннен бастап жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №№ 1 А, 18, 21, 52, 45, 28, 70, 37, 32, 44 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен мына сілтемеде таныса аласыздар.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда күн жылынғалы жол жөндеу жұмыстары басталды.
Күні кеше № 5, 5А, 7, 12, 20, 21, 25, 31, 40, 71, 72 бағдарларының бағыты уақытша ауысты.
Жалпы осы уақытқа дейін елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты екі учаске жабылғанболатын.
Оның алдында екі көше жартылай жабылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!