{metadescription}
Хоккейден әлем чемпионатында ширек финалға шыққан командалар анықталды

Хоккейден әлем чемпионатында ширек финалға шыққан командалар анықталды

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында ширек финалға шыққан құрамалар анықталды.

24 мамырда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты топтық кезеңі аяқталды. 

А тобынан Швейцария, Германия, Канада, Словакия үздік төртікке енсе, В тобында Финляндия, Швеция, Чехия және АҚШ осындай мүмкіндікке ие болды. 

Енді ширек финалда құрамалар төмендегіше жұп құрады:

Чехия мен Германия;

Швеция мен Канада;

Швейцария мен АҚШ

Финляндия мен Словакия.

Ширек финал ойындары 26 мамырда өткізілсе, жартылай финал 28 мамырға белгіленген. Финал 29 мамырға белгіленген.

Айта кетсек, әлем чемпионаты 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өткізіліп жатыр. 

Еске салсақ, биыл Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты топ-дивизионда А тобында жетінші орын алып, үздіктер қатарындағы орнын сақтап қалды.

Әлем чемпионатында Италия мен Ұлыбритания бірінші дивизионға түсті. Олардың орнын 2023 жылы Венгрия мен Словения құрамалары басты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.