Темекіге акциз кезең-кезеңімен көтеріледі - Әлібек Қуантыров
2024 жылы темекіге акциз кемінде 28 евро деңгейінде белгіленуі тиіс.
12:37 25.05.2022
Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Салық кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі құжатты қарау кезінде Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті.
Темекі өнімдеріне салық салу саласына тоқталған министр: «Еуразиялық экономикалық одақ аясында темекі өнімдеріне арналған акциздердің мөлшерлемелерін үйлестіру жөніндегі міндеттемелер қабылданды. 2024 жылы темекіге акциз кемінде 28 евро деңгейінде белгіленуі тиіс. Міндеттемелерді орындау үшін темекіге акциздерді кезең-кезеңімен көтеру ұсынылады», - деді.
Оның айтуынша, темекі өнімдерінің басқа түрлері бойынша, соның ішінде қыздырылатын темекісі бар өнімдерге акциздерді кезең-кезеңімен ұлғайту ескерілген. Бұдан бұрын хабарланғандай, аталған заң жобасын бірінші оқылымда талқылау кезінде елімізде пайдалы қазбаларды өндіру салығының көлемі артатыны айтылды. Сонымен қатар цифрлық майнингке салық жүктемесі күшейтілмек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!