Алматыда 2 метро станциясы іске қосылды
Алматы қаласында «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро станциялары іске қосылды.
12:13 30.05.2022
Алматы әкімінің айтуынша, олар қазіргі қызмет көрсетіп тұрған тоғыз станцияның жалғасы ретінде қала орталығын шеткі аудандармен байланыстырады.
«Бұл-біздің мегаполис үшін көптен күткен қуанышты оқиға. Метрополитенінің құрылысшылары мен қызметкерлері сіздер жергілікті жердің күрделі тау-геологиялық және сейсмикалық жағдайларын ескере отырып, өте жақсы жұмыс жасадыңыздар. Мен бұны біздің қаламыз бен тұрғындарымыз үшін өте маңызды оқиға деп санаймын. Мәселе 50 мыңнан 85 мыңға дейін ұлғаятын жолаушылар легінде ғана емес, қаланың әлдеқайда жайлы болатындығында, бәрімізді алаңдатып отырған трафиктің дұрыс шешім табатындығында», - деді метро станцияларының ашылу салтанатында қала әкімі Ерболат Досаев.
Қала басшысының сөзінше, мегаполисте метро желісін кеңейту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасады. 2025 жылы «Қалқаман» станциясының құрылысын аяқтау жоспарда. Метро желісін дамыту батыс бағытта «Барлық» базарына дейін ұлғаяды. Бұл аудандар тұрғындары үшін ыңғайлы жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Метро станцияларының ашылу салтанатына Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова да келді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!