БҚО-да зират ескерткіштерін қиратқан балалар болып шықты
Батыс Қазақстан облысында бейіттегі ескерткіш белгілерді қиратқан балалар болып шықты.
12:54 30.05.2022
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Дариға Мәжитованың айтуынша, Бәйтерек ауданы Трекин ауылындағы православ зиратында ескерткіш белгілерді қиратқан 1 және 2-сынып оқушылары екендігі анықталды.
«Қазіргі кезде олардың саны нақтыланып жатыр. Анықталған балалар бойынша мәселе кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Д.Мәжитова.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да белгісіз біреулер бейіттегі ескерткіш белгілерді қиратып кеткенін жазған болатынбыз. Олар барлығы 14 белгіні қиратып, бүлдірген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!