Смайылов өңірлік Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымын жылдам енгізуді тапсырды
Өңір әкімдіктері жанындағы тәуелсіз Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің лауазымдарын енгізуді тездету қажет.
11:18 01.06.2022
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты.
«Облыс әкімдіктеріне әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттағы балаларды сауықтыру шараларымен, жазғы демалыспен және бос уақыттарын пайдалы өткізумен барынша қамтуды тапсырамын. Барлық ауылдық елді-мекендерде спорт алаңдарын, алаларды дамыту орталықтарын жабдықтап, ойын-сауық, мәдени іс-шаралар ұйымдастыру қажет», - деді Үкімет басшысы.
Әлихан Смайылов Денсаулық сақтау министрлігіне шалғайдағы елді-мекендерде балалардың денсаулық жағдайына скринингтік және стоматологиялық тексерулер жүргізу үшін жылжымалы медициналық пункттердің жұмыс істеуіне қатысты шаралар қабылдауды тапсырды.
«Балалар құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін Білім министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, өңір әкімдіктері жанындағы тәуелсіз Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің лауазымдарын енгізуді тездетсін», - деді Премьер-Министр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!