{metadescription}
КТК телеарнасы 5 маусымда сайлау учаскелері жабылғаннан кейін бірнеше сағаттан соң экзитпол деректерін жариялайды

КТК телеарнасы 5 маусымда сайлау учаскелері жабылғаннан кейін бірнеше сағаттан соң экзитпол деректерін жариялайды

Осы жексенбіде 11 миллионнан астам қазақстандық сайлау учаскелеріне келіп, Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістерді қолдап немесе қарсы дауыс бере алады.

«КТК» дәстүрлі түрде сайлау процесіне және дауыс беруді объективті түрде көрсетуге ерекше көңіл бөледі. Алдағы референдумда   телеарна «Демократия институты» қауымдастығы бастамасымен жүргізетін exit-poll – сайлау учаскелерінен шығу кезінде сауалнама жүргізуге ақпараттық қолдау көрсетеді.

«Демократия институты» 1995 жылы құрылған. Компания әлеуметтік дамудың өзекті мәселелері бойынша социологиялық зерттеу жүргізуге маманданған. Қазақстанда кең ауқымды интервьюерлер желісіне ие, ақпаратты жинау мен өңдеудің заманауи әдістерін қолданады. Ол академиялық институттармен, коммерциялық құрылымдармен, қоғамдық және саяси бірлестіктермен, мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастықта. Қауымдастықтың қызметіне электоралды зерттеу мен экзитпол кіреді.

Сауалнама нәтижесін ең бірінші болып КТК көрермендері көреді. Сауалнама нәтижесі 6 маусым күні сағат 00.15-да жаңалықтарда тікелей эфирде көрсетіліп, әлеуметтік желілердегі парақшаларға жарияланады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде