Өзін Антикор қызметкері деп таныстырған ер адамға қатысты жаңа дерек шықты
Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны, Қазнетте "Ксивалы Нұрбол" атымен танымал Нұрбол Кәрімовтің тағы бір әрекеті әшкере болды.
13:09 01.06.2022
Ведомство мәліметінше, Желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұстаған Нұрбол Кәрімов Instagram-да тікелей эфирге шығып, Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні ұстады деген видео тарап жатыр.
Алайда, Алматы полициясы видеода болған оқиға шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, Кәрімовтің бұл оқиғаға еш қатысы жоқ, арнайы операция 18 сәуірде өткен.
"Сағат 22.30-да кезекші бөлімшеге белгісіз ер адам телефон соғып, Audi көлігі Назарбаев даңғылында жол ережесін өрескел бұзғанын айтты. Полиция жақын маңдағы экипаждарды аталған көлікті ұстауға және келіп түскен ақпаратты тексеруге бағыттады.
Ал қоңырау шалған адам жол ережесін бұзған адамның артынан қуған. Осы сәтті тікелей эфирге шығып түсірген және бұл операцияны осы ұйымдастырғанын айтқан. Бірақ оның ішкі істер органдарына ешқандай қатысы жоқ", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Нұрбол Кәрімов 20 мамырдан бастап соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауда отыр. Оған қатысты алаяқтық іс-әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Сонымен қатар, соталды тергеу барысында Алматы қаласында лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелеудің қосымша дерегі анықталды. Антикор мәліметінше, Каримов басқа ұқсас қылмыстарды бұрын жасаған болуы мүмкін.
Осындай деректер бойынша ақпарат болған жағдайда, көрсетілген нөмірлер бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласуға болады: 1424, +7 702 320 7020
Дереккөз: Tengrinews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!