{metadescription}
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды

Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды

Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық Экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі​ Алқа мүшесі болып тағайындалды.

«Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесін тағайындау туралы» Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 3 шешімімен мына жерден танысуға болады.

«Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы Бекетаев Руслан Бақытжанұлын тағайындау кезінде айқындалған өкілеттіктерінің қалған мерзіміне Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі болып тағайындалсын», - делінген құжатта.

Еске салсақ, осы жылғы 31 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.