{metadescription}
Ұлттық мереке күні жаппай атыс оқиғалары болды

Ұлттық мереке күні жаппай атыс оқиғалары болды

Демалыс күндері АҚШ-та жаппай атыстың 14 оқиғасы болып, көптеген адам қаза тапты, деп хабарлайды америкалық БАҚ.

Мұндай жағдайлар Техас штатында болған қырғыннан кейін атыс қаруын бақылауда ұстау туралы үндеулерден соң орын ала бастады.

Атап айтқанда, 28-30 мамыр аралығында АҚШ-тың 12 штатында америкалық ұлттық мереке – Еске алу күні кезінде болған атыс салдарынан 9 адам қаза тауып, 73 адам жарақат алды.

NBC, USA Today және The Hill басылымдарының мәліметтерінше, бұл статистикаға 31 мамырда Луизиана штатында болған оқиға да еніп отыр. Онда Жаңа Орлеан қаласында мектеп бітіру рәсімінен кейін түсініксіз атыс басталған. Онда бір әйел мерт болып, 2 ер адам жарақат алды. Оған автотұрақта тұрған екі әйел арасындағы жанжал себеп болды.

2022 жылдың басынан Американың 34 штатында, соның ішінде Вашингтон, Колумбия округінде жаппай атыстың 230 оқиғасы болған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде