Доллар күрт қымбаттады
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
17:12 01.06.2022
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 9, 46 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 424, 62 теңге.
Ұлттық банктің 1 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 414, 67 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 427,64 теңге, сатып алу – 433, 13 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 426,32 теңгеден болса, сатып алу құны – 430,32 теңге.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!