{metadescription}
Арыстанбек Мұхамедиұлы ісіне министр пікір білдірді

Арыстанбек Мұхамедиұлы ісіне министр пікір білдірді

 ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының сыбайлас жемқорлық ісі туралы пікір білдірді.

«Арыстанбек Мұхамедиұлы бойынша тергеу мен сот өз үкімін шығарады деп ойлаймын», - деп жауап берді Д. Абаев Үкімет үйінде тілшілер сұрағына.

Журналистер Арыстанбек Мұхамедиұлынан бөлек, бірнеше адамның күдікке ілінгенін айтып, егер олардың кінәсі расталса, министр отставкаға кетуге дайын ба деп сұрады.

«Егер бұл жымқырулар мен басшылық еткен жылдары болса, онда мен отставкаға кетуге дайынмын. Қашан болғанын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен сұраған жөн», - деп жауап берді Дәурен Абаев.

Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы қазір қамауда отыр. Ол ірі көлемде қаражат жымқырды деп айыпталуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде