{metadescription}
Қашағанда мұнай өндіру тоқтатылды

Қашағанда мұнай өндіру тоқтатылды

1 маусымнан бастап NCOC компаниясы Қашаған кен орны кешеніндегі өндірістік нысандарын жөндеу жұмыстарына тоқтатты.

Бұл туралы компанияның ресми сайтында жазылды.

«Жоспарлы профилактикалық жөндеу жұмыстары маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бірнеше жылда бір рет өндірісті қысқа мерзімге толық тоқтатуды көздейді», - делінген хабарламада.

Қашаған кен орнының өндірістік объектілеріне жоспарлы профилактикалық қызмет көрсетудің мақсаты:

  • өндірістік жүйенің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген мiндеттi қызмет пен тексеру;
  • өнімділікті, сондай-ақ өндіріс жүйесінің сенімділігін оңтайландыру және одан әрі арттыру бойынша жұмыстар мен жобаларды орындау.
  • 2 миллион адам-сағаттан астам ауқымды жұмысты 45 күн ішінде аяқтау жоспарлануда.

Қашаған кен орны ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып саналады. Оның алынатын қоры 9-13 миллиард баррель мұнайды құрайды.

Қашағандағы коммерциялық өндіріс 2016 жылдың күзінде басталды.

Дереккөз: Zakon.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде