Әлемде коронавирусты жұқтыру көрсеткіші 11% төмендеді
23-29 мамыр аралығында әлемде коронавирус жұқтырудың 3,3 миллионнан астам жағдайы тіркелді, бұл өткен аптамен салыстырғанда 11% аз , деп хабарлайды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның сайты.
15:40 02.06.2022
Апта ішінде қауіпті вирустан 9600-дан астам адам көз жұмған, бұл көрсеткіш 3%-ға азайған.
Есептік кезең ішінде жаңа инфекция жұқтырудың ең көп саны АҚШ-та (736 298 жаңа оқиға, +3%), Қытайда (576 367, +6%), Аустралияда (294 128, -18%), Жапонияда (203 365, - 18%) және Германияда (183 844, -38%) анықталған. Бір аптада жаңа өлім-жітім оқиғаларының ең көп саны АҚШ-та (2 46 өлім жағдайы, +25%), Бразилияда (826, +16%), Италияда (624, -15%), Ресейде (605, -11%) және Қытайда (578, +82%) тіркелді.
2022 жылғы 29 мамырдағы жағдай бойынша әлемде коронавирустың 526 миллионнан астам расталған жағдайы мен 6 миллионнан астам өлім оқиғасы тіркелді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!