Онлайн-микрокредит беру тәртібі күшейтілді
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі онлайн-микрокредиттер берген кезде қарыз алушыларды идентификаттау тәртібін күшейтті.
Фото: fdlx.com
16:42 02.06.2022
Енді онлайн-микрокредит беру үшін микроқаржылық ұйым мынадай үш тәсілдің бірімен клиентке индентификаттау жүргізуге міндетті:
- электрондық цифрлық қолтаңба арқылы;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сәйкестендіру деректерін алмасу орталығының сервисі арқылы қарыз алушыны биометриялық идентификаттау арқылы;
- қарыз алушының дербес деректерін екіфакторлық тексеру және бейнелеу арқылы.
Сонымен бірге, 2022 жылғы қаңтардан бастап микроқаржылық ұйым клиент көрсеткен абоненттік нөмірді мобильді байланыс операторларының деректерімен салыстырып тексеруді жүзеге асыруға міндетті.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!