{metadescription}
Екінші республиканың негізін қалаймыз - Президент

Екінші республиканың негізін қалаймыз - Президент

Бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні өтетін референдумға байланысты Қазақстан халқына бейнеүндеуінде мәлім етті.

"Құрметті отандастар! Қазақстан өте маңызды әрі бетбұрысты кезеңге қадам басқалы тұр. 5 маусымда азаматтарымыз жалпыұлттық референдумда дауыс береді. Конституцияға түзетулер енгізу мәселесі бойынша шешім қабылдайды. Бұл - мемлекеттің және бүкіл қоғамның болашығын айқындайтын жауапты сәт. Ел тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық. Біз қазір барлық саланы жаңғыртуға кірістік. Осы жолда мемлекетті басқару үлгісін түбегейлі өзгерту қажеттігі туындады. Сол себепті мен наурыздағы Жолдауымда саяси жаңғырудың ауқымды бағдарламасын ұсындым. Оның басты мақсаты елімізді одан әрі демократияландыру, халықтың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту.

Сондай-ақ үкіметтің тиімділігін арттыру, бұл өзгерісті толық жүзеге асырсақ, ықпалды парламенті бар президенттік республика үлгісіне бір жола көшеміз. Конституциялық реформа адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін барынша күшейтеді. Сонымен бірге, еліміздегі саяси бәсекенің әділ және ашық болуын қамтамасыз етеді. Біз Ата заңымыздың 30-дан астам бабына өзгеріс енгізгелі отырмыз. Оның бәрі азаматтарымыздың мүддесіне толық сай келеді. Осылайша, мемлекетімізді түбегейлі жаңғыртамыз. Сол арқылы екінші республиканың негізін қалаймыз.

Алдағы референдум мемлекетімізді нығайтуға және қоғамды тың серпінмен дамытуға жол ашады. Мен әрбір азаматымызды ел тағдырын айқындайтын тарихи таңдау жасауға шақырамын. Бұл референдумда әр азаматтың даусы маңызды. Әрбір азамат тұтас ұлт тағдырына яғни тікелей өз тағдырына оң ықпал ете алады. Ендеше 5 маусым күні өз таңдауымызды жасайық. Жаңа Қазақстанды бәріміз бірге құрайық", - деді Тоқаев халыққа үндеуінде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде