{metadescription}
Ақтауда суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Ақтауда суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Құтқарушылар 2 маусымда «Сарбаз жағажайы» ауданында теңізде жүзіп жүріп, суға батып кеткен жасөспірімнің мәйітін тапты.

2005 жылғы жасөспірім Бейнеуден келген.

Маңғыстау облыстық ТЖД-дан хабарлағандай, жасөспірім теңізге арнайы тақтаймен (SUP-board) шыққан. Оның мәйіті жағадан жүз метр қашықтықтан табылды.

«Таңғы сағат 8:35-те Каспий теңізінде ТЖД күштік құрылымы 2005 жылғы азаматтың мәйітін тауып, судан шығарды. Ол 2 маусымда серфинг тақтайымен жүзіп жүріп, батып кетті», - деді Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас тергеушісі Есен Борашев.

Қаза тапқан жасөспірімнің Бейнеу тұрғыны екені анықталды. Кеше, 2 маусымда ТЖД-ға суға ағып кеткен жасөспірімдер туралы бірден екі хабарлама түсті: үш баланың екеуі құтқарылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.