{metadescription}
Павлодар облыстық ПД-ның бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды

Павлодар облыстық ПД-ның бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды.

«Аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 1973 жылы туған Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлы іздестірілуде.

Күдіктіні анықтау немесе оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда Агенттіктің көрсетілген телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз: call-центр 1424; +7 (7172) 909 260; +7 (727) 278 7300; +7 (707) 978 0808», - делінген хабарламада.

Мәліметке сай, іздеудегі күдіктіктінің орналасқан жері туралы ақпарат берген адамға 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген. Сондай-ақ, хабарламаның құпиялылығына кепілдік беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде