{metadescription}
Шымкент тұрғыны мектеп аумағында жалаңаш жүрген

Шымкент тұрғыны мектеп аумағында жалаңаш жүрген

Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының учаскелік инспекторлары мектеп аумағында жалаңаш жүрген ер адамды анықтады.

Қоғамдық орында киімсіз жүрген ер адам Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Полиция қызметкерлері оның психоневрологиялық диспансерде есепте тұратынын анықтады.

«Пациент бір ай бұрын ауруханадан шығарылған екен. Бүгін қайтадан ауруханаға жатқызылды», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде