{metadescription}
Қызылордада техникалық заттар сататын сауда үйі отқа оранды

Қызылордада техникалық заттар сататын сауда үйі отқа оранды

Қызылорда облысында техникалық заттар сататын сауда үй толығымен отқа оранды.

Оқиға 6 маусымда сағат 23.51 шамасында болды. Сол уақытта Қармақшы ауданына қарасты Төретам кентіндегі техникалық заттар сататын сауда үйінен өрт шыққан. 

«Сауда үйінің жалпы ауданы 758,8 шаршы метрді құрайды. Өрт кезінде аумағы 275 шаршы метр болатын шатыр, төбе жабыны және ішіндегі тұрмыстық заттары толығымен жанған. Өрт 00.53-те оқшауланып, 01.15-те толық сөндірілді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебіне өрт-сынақ зертхана жұмыстары тағайындалды. Шығын көлемі анықталуда», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Айгүл Нұрманова.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде