Mектептерінде патриотизм туралы жаңа сабақ пайда болады
Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстанда мектеп оқушылары «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» атты курстан өтпек.
17:08 07.06.2022
Бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаева мәлім етті.
«Патриотизм және жаһандық құзыреттер» атты курс 5-11 сынып оқушыларына арналған. Оның мақсаты – баланың талдау қабілеті мен шеберлігін дамыту. Бүгінде жаңа жоба өңірлік әдістемелік орталықтарға танысу мақсатында жіберілді. Сол сияқты жаңа курсқа қатысты түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр», - деді Мәдина Тыныбаева ҚР Білім және ғылым министрлігінде өткен аппарат жиналысында.
Оқушыларға арналған жаңа сабақ 2022-2023 оқу жылында қолданысқа енгізілмек. «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» курсы 5-9 сыныптарда келесі салаларды қамтиды. Парасаттылық және әдеп, экология мәдениеті, азаматтық және патриотизм, өмір қауіпсіздігі, медиа және қаржылық сауаттылық.
Ал 10-11 сыныптарда «Патриотизм және жаһандық құзыреттер».
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!